shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Математика кафедрасы математика саласынан іргелі білімге ие, жан-жақты дамыған, қабілеті жоғары,  іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі. Кафедра негізі 1991 жылы  «Жоғарғы математика» кафедрасы болып қаланды. 1999 жылы кафедраның аты «Математика» болып өзгертілді. Кафедраның ғылыми дәрежелік пайыздық көрсеткіші – 78%.

Математика кафедрасында 2023-2024 оқу жылында 27 ОПҚ жұмыс жасайды. 3 ғылым докторы, профессор; 2 ғылым кандидаты, профессор; 6 ғылым кандидаты, доцент; 6 PhD, аға оқытушы және 4 аға оқытушы жұмыс жасайды. Сонымен бірге кафедрада 6-ЖОО үздік оқытушысы грантының иелері жұмыс жасайды: Профессор Турметов Б.Х., Профессор  Султанов М.А., доцент Усманов К.И., доцент Назарова К.Ж., доцент Кошанова М.Д., аға оқытушы Бөріханов М.Б.  Кафедраның ПОҚ ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыруға қатысады. Ғылыми грант иегері: профессор Турметов Б.Х.; профессор Г.Баканов; профессор Султанов М.А.; доцент Усманов К.И. Кафедраның магистрант, докторанттары гранттың жоба аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

Кафедра қазіргі таңда Математика кафедрасы 3 бакалавр, 3 магистратура және 3 докторантура білім беру бағдарламаларын дайындайды.