- алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды;
- кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады;
- педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады;
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды;
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді;
- Сыни ойлау негізінде халықаралық қатынастарда болып жатқан оқиғаларды жіктеп және талдап, ақпараттарды өңдейді;
- Қазіргі заманғы аймақтық, интеграциялық, жаһандық, геосаяси, әлеуметтік-мәдени, демократиялық, саяси, миграциялық және дипломатиялық үдерістердің даму жолдарын болжайтын сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізеді;
- Кәсіби қызмет шеңберінде қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін ескере отырып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, қақтығыс және бейбітшілік мәселелері бойынша өзекті зерттеу тапсырмаларын әзірлейді (ОН8);
- Халықаралық қатынастар саласында іргелі теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізеді (ОН9);
- Халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми теориялар, мектептер, бағыттар мен тенденциялар туралы білімдерін қолданады.