«ЖҮРЕК СЫРЫ» АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ
Іс-шараға Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова мен оқытушы-профессорлар және қызметкерлер, студенттер қатысты.
Рухани кеште студенттер жыр шумақтарын оқып қана қоймай, әуелетіп ән салды. Талантты білімгерлеріміз өз шығармаларын көпке ұсынып, қошеметке бөленді.
Сонымен қатар, еліміздің белгілі ақындары: Мұқағали Мақатаевтың «Жоқ дәрігер», Мұхтар Шахановтың «Махаббатың жазылмаған заңын», Қалқаман Сариннің «Күзгі хат» сынды өзге де өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, шетелдік ақындардың шығармашылығынан да шашу шашты.
Жиында «Руханият» клубының мүшелері іс-шараны өткізуге ат салысып, қолдау көрсеткен кітапхана ұжымына сый-сияпаттар табыстады.
Ал, вице-ректор Эльмира Идрисова: «Бүгінгі кешті өткізген барша студентке алғыс білдіреміз. Заманауи кітапханалар – тек білім берумен шектелмей, бүгінгідей қызықты іс-шаралардың бастамасы болатын жер. Сондықтан, поэзия кешін біріге ұйымдастырған кітапхана ұжымына да ризашылығымызды білдіреміз! Шабыттарыңыз шыңдалып, осындай кештердің саны арта берсін!»,-деді.
Кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова іс-шараға қатысқан барлық студентті арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Осылайша, көпке рухани демалыс сыйлаған поэзия кеші жоғары деңгейде өтті.
Кәләм ғылымының танымы және негізгі тақырыптары
ЕМТИХАН КЕСТЕСІ
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 