shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктері

Жетістіктері
1.Кафедраның жетістіктері

  • -ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылдың 28-қарашадағы №599 бұйрығына сәйкес PhD, аға оқытушы Қ.Қалдыбай жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.
  • -2021-2022 оқу жылында  ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыруымен өткен «Жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы» байқауында кафедра доценті, PhD. Қ. Қалдыбай  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды. 
  • -2021-2022 оқу жылы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы шешімінің қорытындысы бойынша PhD, аға оқытушы М.С. Исаев,  PhD, доцент Қ.Қ. Қалдыбай «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегерлері болды.
  • -ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2021 жылдың 23-желтоқсанындағы №600 бұйрығына сәйкес PhD, аға оқытушы М.С. Исаев Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды. 
    -2022 жылы кафедрамыздың магистр оқытушысы Қожан А.Ә. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу орнына «D050 Философия және әдеп» мамандығы бойынша докторантураға қабылданды.
  • -2022-2023 оқу жылында академиялық ұтқырлық бойынша аға оқытушы Г.Б. Көлеген 05.04.2023-18.04.2023 жж. аралығында Түркия Республикасы, Бурса қаласындағы Ұлыдағ университетінде Орхун бағдарламасы аясында тәжірибе алмасты.
  • -2023 жылы кафедрамыздың магистр оқытушысы Көлеген Г.Б. Кастамону университетіне «Философия» мамандығы бойынша докторантураға қабылданды.

Ғылыми жобалар: 

  • - 2015-2017 жж. Университтетің Өкілетті кеңесі тарапынан қаржыландырылған «Түркі әлемі және Ұлы Жібек жолы ареалында интеграциялық, модернизациялық үрдістер» ғылыми жобасы негізде зерттеу жүргізілді. Жоба жетекшісі А.Ж. Малдыбек
  • -2015-2018жж. ҚР БжҒМ  тарапынан қаржыландырылған «Қазіргі қазақ қоғамындағы Түркі әлемінің интеграциялану преспективалары:өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» ғылыми жобасы бойынша жұмыс жасалды. Жоба жетекшісі Балтабаева А.Ю. 
  • -2021 жылдың 9 желтоқсандағы №825 бұйрық бойынша Қалдыбай Қ.Қ. «Дінтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) атағы берілді. 
  • - 2021-2023 жж. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қаржыландырылған «Қазақстандағы жерасты мешіттерінің тарихы және Қылует жерасты мешітін музейлендіру» атты ғылыми жоба «Әзірет Сұлтан» мәдени-тарихи қорық мұражаймен бірлесе отырып жүргізілуде. Орындаушы PhD, аға оқытушы М.С. Исаев. 
  • - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдары қаржыландыратын конкурс бойынша АР19680093 «Матуриди және Иасауи ілімдері негізінде Абайдың теологиялық тұжырымдамасы» тақырыбында (Жоба жетекшісі: С.У. Абжалов) 
  • - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдары қаржыландыратын конкурс бойынша AP19679946 «Болашақ тарих мұғалімдеріне «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту әдістемесін ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы дамыту» тақырыбында (Жоба жетекшісі М.С.Исаев, орындаушылары: Г.А. Шадинова, М.Т.Тулеев) жеңімпаз атанып, жұмыстар жүргізуде.