shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

«Yasawi Winter School» жобасы

08.01.2025ж күні оқу ордамызда жылдағы дәстүр бойынша оқытушы-профессорлардың кәсіби дамуына арналған жобалардың бірі  «Yasawi Winter School» жобасы басталды. Қысқы мектептің алғашқы апталығы Академиялық бағытпен бастау алды. 8-10 қаңтар аралығында Теология факультетіне қарасты философия, дінтану, теология кафедраларының пән оқытушыларына силлабус құруға қажетті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған «Силлабустардың құрылымын жетілдіру» тақырыбында семинар-практикум өтілуде. 

Аталмыш жобаның мақсаты – оқу орнымыздың оқытушы-профессорлар құрамының білімдері мен біліктіліктерін арттыру, ұжым арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланыстырды нығайту.

Осындай маңызды іс-шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болып отырған университет басшылығына зор алғысымызды білдіреміз.