shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ТЕОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

???? ТЕОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Алматы қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде еліміздің ғылымы мен жоғары білім беру саласының дамуына айрықша үлес қосқан ғалымдар мен оқытушыларға құрмет көрсетілді.

Қуанышпен хабарлаймыз: марапатталған үздік мамандардың қатарында университетіміздің Теология факультетінің оқытушысы, PhD докторы, доцент м.а. Мұхтар Исаев та бар.

Мұхтар Исаев – діни зерттеулер мен рухани-ағартушылық бағыттағы ғылыми жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, білім беру үдерісінде жоғары кәсібилік танытып жүрген білікті маман. Оның ғылыми ізденісі, парасаттылығы мен ұстаздық жауапкершілігі студенттер үшін де, әріптестер үшін де өнеге.

✨ Теология факультеті ұжымы атынан құрметті әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғылым мен руханият жолындағы еңбегіңіз еселеніп, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!

???? Құттықтаймыз!