shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Теология факультетінің «Дінтану–Психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Ерқұл Әсел Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасында 1 академиялық кезең бойы білім алуда.

Бұл – факультетіміз студенттеріне ұсынылып отырған зор мүмкіндіктердің айқын көрінісі. Ерқұл Әселдің шетелде білім алуы оның кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен серпін беріп, халықаралық тәжірибе жинақтауына жол ашуда.

Теология факультеті студенттердің жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөліп, олардың білімін халықаралық деңгейде жетілдіруге барлық жағдай жасайды. Мұндай мүмкіндіктер – болашақ мамандардың көкжиегін кеңейтіп, бәсекеге қабілетті, білікті кадр болып қалыптасуына негіз болады.

Бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман. Сондықтан факультетіміздің білім алушылары үшін ұсынылып отырған осындай бағдарламалар – олардың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам.