shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Кітапхана қорына бағалы сый!

 Кітапхана қорына бағалы сый!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы тағылымдама аясында келген Өзбекстан Халықаралық исламтану академиясының профессор-оқытушылар құрамы Теология факультеті Дінтану кафедрасына қарасты кітапхана қорына бірқатар құнды ғылыми еңбектерді сыйға тартты.

 Сыйға берілген кітаптар дінтану, теология және рухани-ағартушылық бағыттарды қамтып, білім алушылар мен оқытушылар үшін маңызды ғылыми ресурс болмақ.

Бұл игі бастама – халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың жарқын көрінісі әрі білім мен ғылымды дамытуға қосылған үлес.

Алғысымызды білдіреміз!