Тарих және жалпы ақпарат
Философия кафедрасы университетімізде құрылған алғашқы кафедралардың бірі. Кафедра 2014-2015 оқу жылынан бастап «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы атауын алды. 2021-2022 оқу жылы Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінде жұмыс жасады. 2022-2023 оқу жылында «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі қызметін филос.ғ.к., доцент м.а Шадинова Гульзира Абиласанқызы атқарды. Кафедра 2023-2024 оқу жылынан бастап Теология факультетінің құрамына енді. Философия кафедрасы 6B02286 - Философия-Дінтану, 6В03187 - Психология-Дінтану, 6В03190 - Әлеуметтану-Дінтану білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. 2023-2024 оқу жылының 10 қазандағы университет Сенат мәжілісінің шешімімен кафедраның атауы «Философия» кафедрасы деп өзгертілді. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Исаев Мұхтар Сеитханұлы кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.