shape
shape

Кафедраның міндеттері

Кафедраның міндеттері
Кафедраның негізгі міндеттері – Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінде көрініс тапқан имандылық, әділеттілік, сабырлылық, мейірімділік және ізгілік құндылықтарын білім алушылардың бойына сіңіру; дәстүрлі ислам дүниетанымы мен Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу; діни сауаттылықты арттыру және зайырлы қоғам қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, теология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, ұлттық рухани мұраны насихаттау, бәсекеге қабілетті әрі қоғам сұранысына жауап бере алатын мамандар даярлау.