Факультетіміздің профессоры, ғылым докторы Али Риза Гүл студенттерімізге арналған арнайы дәріс өткізеді.
Аталған дәріс аясында классикалық араб тілі негіздері тереңдетіліп оқытылып, Орта Азия аймағында кеңінен танымал «Қудури» және «Нур әл-Изаһ» еңбектері бойынша жүйелі түсіндірме жүргізіледі.
Бұл шығармалар классикалық араб тіліндегі көлемді мәтіндер мен іргелі еңбектерді терең әрі сауатты меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дәріс студенттердің діни-ғылыми мәтіндерді талдау қабілетін арттыруға бағытталған