shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Түркия Республикасына іс сапармен барды

2026 жылдың 4–11 қаңтары аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетінің өкілдері Түркия Республикасына іс сапармен барды. Делегация құрамында «Философия» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Г.А. Шадинова да болды. Іс сапардың негізгі мақсаты – Түркияның жетекші жоғары оқу орындарындағы білім беру және ғылыми-зерттеу тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ академиялық ынтымақтастықты кеңейту болды. Осы мақсатта Гази, Хаджеттепе және Невшехир Хаджы Бекташ Вели университеттерінде оқу және ғылыми үдерістің ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, Президенттік Ұлттық кітапханаға сапар ұйымдастырылып, ғылыми-зерттеу қызметін қолдаудың озық тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ Анкара мен Каппадокия қалаларындағы тарихи-мәдени нысандарды аралау арқылы Түркияның бай тарихи және рухани мұрасымен танысу жүзеге асты. Қорытындылай келе, бұл іс сапар Г.А. Шадинова үшін кәсіби тәжірибесін кеңейтіп, жаңа ғылыми идеялар мен білімді меңгеруге зор мүмкіндік берді. Іс сапар нәтижелі өтіп, университет аралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң ықпал етті.