shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

✨ ЖАҢАЛЫҚ ✨
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің 2-курс студенттері — Абдумавланова Фатима, Абдусаттарова Малика, Туракулова Диера және Дадажанова Алсу академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестр бойы Өзбекстан Республикасы Ташкенттегі Халықаралық ислам академиясы базасында білім алуда.
Бағдарлама барысында студенттер тек білім алып қана қоймай, белсенді түрде ғылыми-танымдық кездесулер ұйымдастырды. Олар академия студенттерімен арнайы кездесу өткізіп, университетіміздің тарихы, халықаралық байланыстары, білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Кездесу барысында екі оқу орны арасындағы рухани және ғылыми байланыстардың маңыздылығы айтылып, тәжірибе алмасу мен достық қарым-қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Академиялық ұтқырлық — білім мен мәдениеттің тоғысқан алтын көпірі. Студенттерімізге сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!