shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР: САНАЛЫ ТАҢДАУ – СӘТТІ ҚАДАМ

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР: САНАЛЫ ТАҢДАУ – СӘТТІ ҚАДАМ

2026 жылдың 27 ақпан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Дінтану кафедрасының доценті Сайфунов Бауыржан Түркістан қаласындағы беделді білім ордаларының бірі — Тұлға мектебі оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Дінтану» және «Теология» мамандықтарының мазмұны, оқу үдерісінің ерекшеліктері, ғылыми бағыттары мен болашақтағы кәсіби мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, бұл салалардың қоғамдағы орны мен рухани тұрақтылықты қалыптастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.

Оқушылар еркін форматта сұрақ қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша мазмұнды жауаптар алды.

Мұндай кездесулер жастардың саналы шешім қабылдап, мамандық таңдауда нық қадам жасауына үлкен серпін береді.