Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясындағы зерттеу сапары
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясындағы зерттеу сапары
2026 жылғы 17–26 маусым аралығында АР27511211 ғылыми жобасы аясында жоба жетекшісі Ф. Камалова мен жоба орындаушысы М. Төлегенов Түркияның Стамбул қаласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Сапар барысында зерттеушілер Стамбулдағы ISAM орталығы мен Мармара университетінің Теология факультеті базасында жұмыс істеп, бай ғылыми қорлармен танысты. Зерттеу жұмыстары барысында жоба тақырыбына қатысты көптеген ғылыми әдебиеттер қарастырылып, құнды кітаптар мен дереккөздер алынды.
Сонымен қатар, факультет пен ғылыми орталықтың профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізіліп, айрықша Жасим Авжы, Камил Яшароғлы, Али Косе, Неждет Тосун, Махмуд Келпетин, Али Айтен сынды ғалымдармен өзара тәжірибе алмасу, ғылыми байланыстарды нығайту және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау мүмкіндігі туды.
Бұл ғылыми іссапар жоба аясындағы зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға, халықаралық академиялық байланыстарды кеңейтуге және жаңа ғылыми деректермен толықтыруға маңызды үлес қосты.
ЕМТИХАН КЕСТЕСІ
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 