ТЕОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ» ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Бақытжан Меңлібекұлы Сатершинов және жетекші ғылыми қызметкер, PhD, доктор Дамира Әлиқызы Сиқымбаева арнайы қатысты.
Кездесу барысында ғалымдар «Философия-дінтану» мамандығының студенттерімен пікір алмасып, философия және дінтану салаларының қазіргі қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар мамандық бойынша білім алудың ғылыми-зерттеу, білім беру, сараптамалық және өзге де кәсіби бағыттардағы мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.
Студенттерге мамандықты меңгеру барысында қалыптасатын сыни және аналитикалық ойлау, зерттеу жүргізу, әлеуметтік-мәдени үдерістерді талдау, діни және қоғамдық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерделеу дағдыларының кәсіби қызметтегі маңызы түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылым саласындағы зерттеу бағыттары, кәсіби даму және мамандықтың болашағына қатысты құнды ақпараттар алды.
Мұндай кездесулер студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ғылым мен кәсіби қызметтің нақты бағыттарын тануына, болашақ кәсіби бағдарын айқындауына мүмкіндік береді.
Теология факультеті – білім мен ғылымды ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті әрі жан-жақты ойлайтын мамандар даярлауға бағытталған.
Сабақ кестесі
Исламдағы таухид ұғымы: ориенталистік көзқарас тұрғысынан талдау
Кәләм ғылымының танымы және негізгі тақырыптары
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 