shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Теология факультетінде «5-қазан Ұстаздар күні» атап өтілді.

5 қазан – Ұстаздар күніне орай Теология факультетінде ұстаздарға құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлаған тағылымды іс-шара өтті.

Мерекелік басқосуда белсенді студенттер ән айтып, домбырамен күй орындап, ұстаздарға арнаған жүрекжарды құттықтау видеосын ұсынды. Іс-шара көңілді сұрақ-жауап ойындарымен жалғасып, ұстаздар мен студенттер арасында ерекше жылы атмосфера қалыптасты.

Мерекелік шара барысында Теология факультетінің профессоры, доктор Досай Кенжетай, профессор Ахмет Йылдырым және Ясауи ҒЗИ директоры, PhD Бауыржан Сайфунов ұстаздарға ізгі тілектерін білдіріп, еңбектеріне алғыс айтып, мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ Өкілетті кеңес төрағасы Хусейн Караман арнайы қатысып, факультет ұстаздарына жылы лебізін жеткізді.

Шара соңында студенттер атынан кафедра меңгерушілеріне ұстаздарға арналған сыйлықтар табысталды.