shape
shape

Миссия және Стратегиялық мұраты

Миссия мен көрініс

Терең тарихтан жарқын болашаққа!

Кафедраның миссиясы
Қожа Ахмет Ясауи университеті Теология кафедрасының миссиясы – Қожа Ахмет Ясауидің рухани-танымдық мұрасын негізге ала отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, діни және зайырлы білімді ұштастыра білетін білікті мамандар даярлау. 

Кафедраның мұраты 

Ясауи іліміндегі адамгершілік, имандылық, рухани кемелдену, толеранттылық пен ізгілік қағидаттарын білім беру үдерісінде насихаттау арқылы қоғамның рухани дамуына үлес қосу.
 

Кафедраның мақсаты
Кафедраның негізгі мақсаты – теология саласында заманауи ғылыми білім мен Қожа Ахмет Ясауидің терең рухани мұрасын сабақтастыра отырып, кәсіби білікті, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан және рухани құндылықтарды құрметтейтін мамандар даярлау. Ясауи іліміндегі «кемел адам» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, білім алушылардың интеллектуалдық, рухани және адамгершілік дамуына жағдай жасау, ұлттық діни-мәдени мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеу және оны келер ұрпаққа жеткізу.