shape
shape

Бағдарламалар

Теология факультеті / Теология кафедрасы / Бакалавриат

6B02229 - Теология

Course Image Теология факультеті Теология кафедрасы

Университеттің миссиясы мен саясатын және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған: түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардың жастарына бір шаңырақ астында терең тарихи құндылықтарға және демократиялық, зайырлы қоғам негіздеріне сүйене отырып, заман талаптарын қанағаттандыратын деңгейде білім беру;

Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, білім беру үрдісін гуманитарлық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары;  қазіргі заманғы еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті, кәсіби біліктілігін жетілдіре алатын теолог даярлау.

Кәсіби білімнің іргетасы ретінде арнайы сипаттағы базалық білімді практикалық тұрғыдан меңгеруге және ұдайы жетілдіруге, зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті теолог даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.

  • Діни және теологиялық мәтіндерді оқу, түсіну, түсіндіру және қолдану саласында негізгі кәсіби білімін көрсетеді.
  • Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мәселелерді шешуде теологиялық білімін қолданады.
  • Ислам тарихы, мәдениеті мен өнері салаларындағы білімді меңгеріп, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды кәсіби қызметінде пайдаланады.
     
  • Теология білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары №600 31.10.2018ж.)
     
  • Теология білім беру бағдарламасының бакалавриат түлегі діни және зайырлы мекемелерде қызмет етеді және білім беру мекемелерінде сабақ беру үшін дайындалған.
  •  Республикалық, облыстық, мемлкеттік және муниципалды органдар; 
  • Бұқаралық ақпарат құралдары;
  • Эксперттік-кеңес беруші Кеңестер;
  • Қоғамдық ұйымдар және т.б.