- Түркілік-мұсылмандық өркениеттің тарихын, әдіснамасы мен философиясын меңгеріп, кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады.
- Теологиялық мәтіндер мен мәселелерге заманауи әдістерді қолдана отырып талдау жасайды.
- Мәдениетаралық, этносаралық, конфессияаралық қатынастардағы діни-құқықтық, толеранттылық шарттары мен зайырлылық ұстанымдарын сақтап, конструкциялық диалог ауқымындағы кәсіби іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен қолданады.