Психология және дінтану теориялары мен әдістерін меңгерген, іргелі білімдер мен дағдыларын практикада қолдана алатын, ғылыми-зерттеу, психодиагностикалық және бүгінгі қоғамдағы оңалту қызметтерін жүзеге асыруға қажетті кәсіби құзыреттері бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.