shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

«Подкаст жаса. Пайдасы бар подкаст шеберханасы» шеберлік сабағы.

20 ақпан, Түркістан, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Подкаст жаса. Пайдасы бар подкаст шеберханасы» шеберлік сабағы. 09.00 — 14.00

Аталмыш шеберлік сағаты «атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА» кітабының негізінде дайындалды. Кітап авторлары Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан кәсіби подкастерлер, практик-мамандар. Бес сағаттық шеберлік сыныбы аясында подкаст тақырыбына кіріспе, отандық подкаст ландшафты туралы ақпарат беріп, подкаст жасап шығу машықтарын үйретеді.

Шеберлік сабақ бағдарламасы:

09:00 — 09:30 — аудиториямен танысу және өзімізді таныстыру
09:30 — 11:00 — Подкаст дегеніміз не? Подкаст форматы мен тақырыбы.
Қазақстандағы подкастиң ландшафты
11:00 — 11:15 — үзіліс
11:15 — 12:30 — Продакшн. Подкаст жасап шығу үшін не керек? Хостинг пен подкаст платформалар
12:30 — 14:00 — Пост-продакшн: монтаж, маркетинг пен монетизация