«Мейірімділік – басты құндылық» тақырыбы аясында тәрбие сағаты өтті.
Мейірімділік – басты құндылық
Университетіміздің «Журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік – басты құндылық» тақырыбы аясында тәрбие сағаты өтті. Маңызды тақырыпты арқау еткен тәрбие сағатына оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Қымбат Кабекеева кіріспе сөзбен мәжілісті ашып, бүгінгі басқосудың маңызына тоқталды. Декан орынбасары қоғам өміріндегі мейірімнің орны мен рөлін тілге тиек етіп, маңызды шара үшін кафедра ұжымына алғыс айтты. «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы Балзия Баешова сөз алып, көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту күнімен» құттықтады. Балзия Шегетайқызы адам баласы әрдайым мейірімге мұқтаж екендігіне назар аударып, адами құндылықтарды құрметтеуге шақырды.
Тәрбие сағаты барысында кафедраның оқытушы-профессор құрамы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Тәжірибелі оқытушы Әтіргүл Тәшімова бастаған пікір көшін Молдияр Ергебеков, Асхат Сәдібеков, Ғалымжан Тәжібаев, Мырзахан Байболов, Жанерке Хумар жалғастырды. Студент жастар да өз көзқарастарын жеткізді. Сонымен қатар, студенттер тәрбие сағатының тақырыбына сай ән шырқап, жыр оқыды.
Рухани тәрбие беру бағытында ұйымдастырылған тәрбие сағаты өзекті тақырыпты қозғап, көпшілікке ой салуымен ерекшеленді.