shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Фараб» кітапханасында «Ясауи жүрегімде» атты акустикалық кеш өтті.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Фараб» кітапханасында «Ясауи жүрегімде» атты акустикалық кеш өтті. Айтулы іс-шараны Жастар саясаты департаменті мен Студенттік Парламент ұйымдастырды.Осы іс шараға Өнер, медиа және дизайн факультетінің білім алушылары қатысып, өз өнерін көрсетті. Айтар болсақ, 6В02123 - Актерлік өнер білім беру бағдарламасынан 1 курс білім алушылары Г.Серік, Б.Пернебек, А.Бакирова, А.Ағыбай, 6В02165 - Эстрада өнерінің 3 курс білім алушысы Е.Нұрғазы, 6В02122 - Дәстүрлі музыка өнері білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушысы Б.Жаманқұл өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараға қонақ ретінде ректор Жанар Темірбекова мен Әлеуметтік мәдени-даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, Түркістан қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры  Алия Пиржанова мен Қоғамдық даму басқармасының Жастар саясаты бөлімінің басшысы Азамат Имашев және оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты. Іс-шараның мақсаты – студенттер арасындағы достықты нығайту, мәдениеттер диалогын дамыту және Ясауи рухын жүректе сақтай отырып, ортақ құндылықтарды дәріптеу.   Кештің ерекшелігі де сол – қазақ, өзбек, қырғыз, түрік сынды өзге де түркі мемлекеттерінің әндері шырқалды. Осылайша кеш барысында 7 тілде ән шырқалып, оқу ордамыздың халықаралық деңгейі мен көпұлтты ортасы көрініс тапты.