shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІ

Жаңа оқу жылының басында «Журналистика» кафедрасының студенттеріне арналған шеберлік дәрісі ұйымдастырылды. Өңірімізге белгілі журналист Пернебек Біләлбек шәкірттермен кездесіп, мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жүрген шәкірттерге өз тәжірибелерін түсіндірді. 

Жуырда пайдалануға берілген медиа студияда өткен шеберлік сабағы қызықты өтті. Шәкірттер білікті маманға сауал қойып, тиісті жауап алды. 

Пернебек Біләлбек қиын да қызықты мамандықты игеру жолына түскен студенттерге керекті кеңесін жан-жақты баяндады. Кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін қажетті дағдыларды түсіндірді. 

Студенттер шеберлік дәрісінен өздеріне қажетті мәліметтер алды. Кафедра басшылығы құрметті қонаққа алғыс білдіріп, алдағы кезеңде байланыс тереңдей түсетінін атап өтті. 

Шеберлік сабақ қорытындысында мұндай басқосулардың жиірек ұйымдастырылып тұратыны айтылды.