shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП БАРШАҒА ОРТАҚ

Бүгін университетіміздің Өнер, медиа және дизайн факультеті, Журналистика кафедрасында ӨЖК-411 тобымен «Заң және тәртіп – құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 

Тәрбие сағатын топ эдвайзері, PhD доцент м.а. Асқат Кеңесұлы Сәдібеков ұйымдастырып, студенттерге заң үстемдігінің, құқықтық мәдениеттің және қоғамдық тәртіптің маңызын түсіндірді. Іс-шара барысында ҚР Конституциясының негізгі қағидалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Студенттер жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Тәрбие сағаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.