shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ТАҒЫЛЫМДЫ ТАНЫСУ БАСҚОСУЫ

Ағымдағы оқу жылында «Журналистика» кафедрасында 158 студент білім алады. Биылғы жылы студенттеріміз бірінші курсқа қабылданған 56 студентпен толықты. 

Жаңа оқу жылының бағыт-бағдарын түсіндіру және бірінші курс студенттерімен танысу мақсатында арнайы басқосу ұйымдастырылды. Мәжіліске кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы мен барлық курс студенттері қатысты. 

«Журналистика» кафедрасының меңгерушісі Балзия Баешова мәжілісті кіріспе сөзбен ашып, жаңа оқу жылы кафедрамыз үшін табысты басталғанын атап өтті. Кафедраның ОПҚ құрамы толыққанын және де бірінші курсқа қабылданған студент саны да жылдағыдан елеулі дәрежеде артқанын жеткізді. 

Балзия Шегетайқызы арнайы слайдты баяндама жасап, кафедраның тыныс-тіршілігімен кеңінен таныстырды. Кафедра тарихына шолу жасап, болашақ міндеттерді саралады. Оқытушы-профессорлар құрамын жекелей таныстырды. 

Әуелі, кафедраның негізін қалаған профессор – Сейдулла Садықұлын арнайы таныстырып, ұстазға құрметтеп сөз берді. Сейдулла Садықұлы кафедра жетекшісіне алғыс білдіріп, әріптестері мен шәкірттерге толағай табыс тіледі. 

Кафедраның ОПҚ құрамы ғылыми дәрежесіне қарай сөз алып, кафедраның ерекшелігіне тоқталды. Университет ұсынатын мүмкіндіктерді атап өтіп, сол мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға кеңес берді. Оқытушылардың баршасы студенттерге табыс тіледі.

Мәжіліс барысында шәкірттерге бағыт беру мен барынша қолдау жасалатыны айтылды. 

Жиынды қорытқан Балзия Шегетайқызы жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер жылы болуын тіледі.