Тарих және Жалпы ақпарат
«Журналистика» кафедрасы 1994 жылы негізі қаланды. Журналистика кафедрасында 3 профессор, 1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор, 1 доцент, 4 магистр қызмет етеді. Кафедрада 2 оқытушы «ЖОО үздігі» атанды.
Журналистика мамандығын бiтiрген түлектер газетте, радиода, телевизияда редактор, әдеби қызметкер, тiлшi, репортер, диктор-жүргізуші, шоумен, шолушы, комментатор, сараптаушы, бөлiм меңгерушiсi, меншікті тілші, жоғары атқарушылық органдар мен мекемелерде: министрліктерде, парламентте, әкімшілікте, банкте баспасөз хатшысы, референт, кеңесшi, аудармашы, елшiлiкте баспасөз атташесi, ЖОО-да оқытушы, кiтап баспаларында редактор, әдеби қызметкер, т.б. түрлі салада еңбек ете алады. Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген.
Кафедрада студенттердің оқу тәжірибелік базасы ретінде «Iasaui тv», телестудиясы, «Iasaui FM» радиосы жұмыс істейді. Бүгінде кафедрада 120-ға жуық студент білім алуда.
БІЗДЕН бітірген түлектерді мақтаныш етеміз:
«Шабыт» фестивалінің лауреаты Айгүл Сейілова мен Жолдыбай Базаров – Eqemen Qazaqstan; «Шабыт» фестивалінің екі дүркін лауреаты, «Тарлан» Платинасының иегері Лира Қоныс пен Назира Байырбек – АҚШ-та докторантурада; Молдияр Ергебеков Алматы Менеджмент университетінде (AlmaU) «Медиа және кино» факультетінің деканы қызметін атқарды, Мөлдір Мырзақасымова – «Қазақфильм» киностудиясында сценарист-редактор; Азамат Тілепов – Қазақ радиосында, Меруерт Палмаханова мен Динара Балаубекова – «Хабар» агенттігінде, Жансая Сыдықбаева – «БАҚ kz» порталында тілші, Гүлмира Аймағамбет, Гүлжан Рахман, Шынар Досанова – «Астана ақшамы» газетінде; Мөлдір Нәлібаева – Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде, Айнұр Мәуленова мен Айнұр Қалдарбек – «Қазақстан» ұлттық арнасында; Гүлнұр Қыдырбек – Президенттің мәдени орталығында, Нұралы Жылысбаев – «Шеврон» мұнай компаниясында, Гүлзада Қалиева мен Гүлнар Маманова – Түркияда доктарантурада, Жадыра Нармаханова – «Ұлан» газетінде – бас редактор, Алмат Алтай мен Бахарнұр Жұмаділ – Сыртқы істер министрлігінде; Әбубәкір Қалдыбаев, Бауыржан Жорабеков – Кентау қалалық әкімдігінде ауыл әкімдері; Гүлмира Садықова – «Қазақ үні» газетінде; Қанат Жүнісбеков, Мақсұт Айтжанов – «Оңтүстік» телеарнасында; Мәлік Дәулетов – «Түркістан» қалалық газетінде, бас редактор, Мариям Әбсаттар, Нұркен Қалижанұлы, Гүлжаз Қарыбек, Шынар Болат, Нұрлан Сұлтанбай – «Turkistan» медиа холдингінде т.б.
Оқу орнымызда алғаш рет «Yassawi FM» диджитал радиосы өз жұмысын бастады. Университетіміздің базасында орналасқан радио студия қайта жасақталып, құрылды. Студияның ашылу рәсіміне университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек, ректор Жанар Темірбекова, ректор өкілі Пеями Баттал, вице-ректорлар, декандар, «Журналистика» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Медиа және PR орталығының мамандары қатысты. Университет басшылары радио студияның лентасын қиып, жұмысымен танысты. Радио студия маманы жұмыс процессі, диджитал радионың ерекшеліктері, монтаж жасау әдісі, дыбыс жазу жолдарын түсіндіріп берді.Бұдан әрі бағдарлама авторлары өздерінің жобалары туралы түсіндіріп берді. Қазіргі таңда студенттер өз қызығушылықтарына қарай ғылым, мәдениет, өнер, спорт және т.б. бағыттарда бағдарлама әзірлеген. Диджитал радио қазақ және түрік тілінде хабар тарады. Ашылу рәсімі кезінде жұмысты толық түсіндіру үшін «Yassawi FM» диджитал радиосының жүргізушісі Алпысбаева Ағайша университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшекпен тікелей эфирде сұхбат алды.
Диджитал радио жұмысымен танысқан университет басшылары белсенді студенттерді Түркиядағы танымал медиа компанияда тәжірибеден өтуге мүмкіндік қарастырылатынын айтып, жігерлендірді. Радио жұмысына сәттілік тілеп, бастамаларды қолдауға әзір екенін айтты. «Yassawi FM» диджитал радиосын университетіміздің ресми сайтына кіріп, тыңдай аласыздар. Сондай-ақ, төмендегі сілтеме арқылы да хабар таратады: YASSAWIFM