shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ШӘКІРТІМІЗ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Білімгеріміз Дінмұхаммед Үмбетұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Республикалық студенттік кеңестің ІV отырысында Түркістан облысының студенттік омбудсмені болып тағайындалды. 

17-18 шілде күндері Астана қаласында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Республикалық студенттік кеңес мүшелері, «Қазақстан студенттерінің Альянсы», РСҚ-ның өңірлік төрағалары және өңірлік студенттік омбудсмендердің басын қосқан жиын өтті. 

Айтулы іс- шараға әр өңірдің ЖОО-нан 100-ге жуық белсенді студент қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. 

Студенттік кеңес отырысына Дінмұхаммед Үмбетұлы – Қазақстан Студенттерінің Альянсы  Түркістан облыстық төрағасы ретінде белсене қатысты. 

Жиын барысында сөз алған жас төраға Дінмұхаммед: 

«Ендігі кезекте, біздің басты мақсат –  Түркістан облысының жастарын қоғамдық белсенділікке тарту және құқықтарын қорғай отыра, патриот жастардың қатарын арттыру»,-деді.

Осылайша, басқосуда  Дінмұхаммед Үмбетұлы ресми түрде Түркістан облысының студенттік омбудсмені атанды. 

Студенттік омбудсмендердің мақсаты – студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай -ақ қолайлы білім беру ортасын құруға жәрдемдесу. 

Айта кетейік, Дінмұхаммед Үмбетұлы университетімізде 2022-2023 оқу жылында студенттік президенті қызметін атқарды.

Белсенді студентімізді айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!