shape
shape

Хабарландырулар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҒАЛЫМДАР, МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР!

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҒАЛЫМДАР, МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ ЖАС

ЗЕРТТЕУШІЛЕР!

 

2026 жылдың 15-сәуірінде AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бірлескен «Дарынды балалар - интеллектуалды ұлт негізі: Қолдау мен дамытудың заманауи институционалдық экожүйесі»тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Аталған іс-шара барша педагогтарға, білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлерге және дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған.

Дөңгелек үстелдің мақсатыДарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту бағытындағы заманауи тәсілдер мен тиімді тәжірибелерді талқылау, осы саладағы институционалдық экожүйені жетілдіру жолдарын қарастыру, сондай-ақ педагогтер мен мамандар арасында тәжірибе алмасу арқылы зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-қимылды нығайту.

Іс-шара барысында келесі бағыттар бойынша пікір алмасу жоспарлануда:

1. Дарынды балаларды анықтау және іріктеу

  • Дарындылықты анықтаудың заманауи әдістері мен критерийлері 
  • Ерте жастан диагностикалау мәселелері 
  • Ауыл және қала мектептері арасындағы теңсіздік 

2. Институционалды мемлекеттік қолдау тетіктері

  • Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі 
  • Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру 
  • Білім беру ұйымдары деңгейіндегі қолдау жүйесі 

3. Өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер

  • Аймақтардағы ресурстық теңсіздік (кадр, материалдық база) 
  • Ауылдық жерлердегі дарынды балаларға қолжетімді мүмкіндіктер 
  • Өңірлік орталықтардың жұмысын күшейту 

4. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесі

  • Жеке білім беру траекториясын құру 
  • Оқытудың инновациялық әдістері 
  • STEM, олимпиадалық дайындық, ғылыми жобалар 

5. Психологиялық-педагогикалық қолдау

  • Дарынды балалардың эмоционалдық күйі 
  • Мотивацияны сақтау және күйзелістің алдын алу 
  • Ата-анамен және мұғаліммен тиімді байланыс

6. Мұғалімдердің кәсіби дайындығы

  • Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтардың құзыреттілігі 
  • Біліктілікті арттыру курстары 
  • Үздік тәжірибелерді тарату 

7. Цифрландыру және жаңа мүмкіндіктер

  • Онлайн платформалар арқылы дамыту 
  • Қашықтан оқыту мүмкіндіктері 
  • Халықаралық білім беру ресурстарына қолжетімділік 

8. Ынтымақтастық және тәжірибе алмасу

  • ЖОО, мектеп, ғылыми орталықтар арасындағы байланыс 
  • Халықаралық тәжірибелерді енгізу 
  • Мемлекеттік және жекеменшік сектор серіктестігі 

9. Нәтижелер мен мониторинг

  • Дарынды балаларды қолдау бағдарламаларының нәтижелілігін бағалау 
  • Мониторинг және кері байланыс жүйесі 
  • Нақты көрсеткіштер мен индикаторлар әзірлеу.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар мен практикалық шешімдер әзірлейді деп күтілуде. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, тиісті ұйымдарға жолданатын болады.

Өткізілу күні: 15 сәуір 2026 жыл

Өткізілу уақыты: 10.00

Өткізілу орны: Б.Саттарханов 29, Кітапхана 1-қабат (Коворкинг зона)

Форматы: (офлайн/онлайн)

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/pmexh74y5ksdBmjLA 

Сіздерді аталған дөңгелек үстелге белсенді қатысуға шақырамыз! Дөңгелек үстел бағдарламасы қосымшада ұсынылды.

 

«Дарынды балалар - интеллектуалды ұлт негізі: Қолдау мен дамытудың заманауи институционалдық экожүйесі»тақырыбында дөңгелек үстел

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Уақыты

Бағдарлама

10.00

Алғы сөз

Университет ректоры - Темірбекова Жанар Амангелдіқызы

10.15

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасарыЖантөреева Қалыйма 

10.30

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институт – педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жетекші орталықтың директоры – Мусабекова Гульвира Айдархановна 

10.40

Түркістан облысының білім басқармасының басшысы - Орынов Ғалымжан

11.00

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-ның басшысы - Амиртаев Азат Ермекбаевич

11.15

Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары - Токтамысова Ибалы Талгатовна

11.30

Топтық жұмыс сессиясы

12.30

Қорытынды

 

Зум сілтемесі: https://zoom.us/j/97016927227?pwd=K5y1tlM0APOQlrqW9Z48w8SGdjEWFo.1