shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

ТАЗА ӨЛКЕ – ТАЗА ЖҮРЕК

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің оқытушысы Ауезов Батырханның ұйымдастыруымен ГБП-313 тобында «Таза өлке - таза жүрек» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты-студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Тәрбие сағаты барысында табиғатты қорғаудың маңыздылығы, туған өлкенің тазалығын сақтау - әрбір азаматтың міндеті екені кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар қоршаған ортаның ластану себептері мен оның адам денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсерлері талқыланды. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. «Таза жүрек» ұғымы аясында адамның ішкі мәдениеті, табиғатқа деген жанашырлығы және жауапкершілігі туралы пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, танымдық пікірталас ұйымдастырылды. Бұл студенттердің экологиялық мәселелерді тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.

Қорытынды бөлімде ұйымдастырушы студенттерді табиғатты қорғауға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті күнделікті өмірде ұстануға шақырды.

Аталған тәрбие сағаты студенттердің экологиялық санасын арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін нығайтуға өз үлесін қосты.