shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Кәсіби бағдар» жұмыстары

       Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне қарасты Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асырады.

Кәсіби бағдар беру – білім алушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал ететін кешенді педагогикалық және әлеуметтік процесс болып табылады. Бұл процесс тұлғаның жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын, сондай-ақ еңбек нарығының талаптарын үйлестіруге бағытталған.

Аталған бағыттағы жұмыстар аясында жалпы білім беретін мектептердің 10–11 сынып бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесулері өткізілді. Кездесу барысында талапкерлерге университет туралы жан-жақты, ғылыми-танымдық ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларының мазмұны, академиялық мүмкіндіктері, халықаралық ынтымақтастық байланыстары және студенттік өмірдің ерекшеліктері жүйелі түрде таныстырылды. Сонымен қатар ақпараттық мазмұн арнайы әзірленген бейнематериалдар арқылы визуалды түрде толықтырылды.

Кәсіби бағдар беру жұмысының маңызды құрамдас бөлігі ретінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының мазмұны мен ерекшеліктері ғылыми тұрғыда талданды. Бұл бағдарламалардың кәсіби маңыздылығы, педагогикалық кадрларды даярлаудағы рөлі және қазіргі еңбек нарығындағы сұраныс деңгейі туралы нақты әрі дәйекті мәліметтер ұсынылды.