shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Еңбегімен еленген адал азамат» тақырыбындағы тәрбие сағаты

Университетіміздің «Мектепке дейінгі білім беру (ІР)» білім беру бағдарламасының 2 курс ГМД-411 тобының  білімгерлері үшін «Еңбегімен еленген адал азамат» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Топ эдвайзері «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Халилаева Э.Ж. Шараның басты мақсаты – студенттердің бойында еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру және өмірлік бағыт-бағдарын айқындауға ықпал ету.

Тәрбие сағаты барысында білімгерлер ұлы ақын-жазушыларымыз бен ағартушы-педагогтардың еңбектеріне сүйене отырып мазмұнды презентациялар әзірледі. Сондай-ақ университетке еңбегі сіңген педагогтар туралы зерттеу жүргізіп, университет студенттері мен ұстаздарынан сұхбат алып, арнайы видеоролик дайындап ұсынды. Бұл жұмыстар білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттырды.

Тәрбие сағатына құрметті қонақ ретінде «ҚР Білім беру ісінің үздігі», тәжірибелі ұстаз, кәсіпкер, жеке меншік бастауыш мектеп директоры Асылбекова Ақмарал шақырылды. Кездесу барысында Ақмарал ханым өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жету жолындағы еңбек пен табандылықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге болашақ маман ретінде өз ісіне адал болудың, үздіксіз ізденісте жүрудің қажеттілігі туралы құнды кеңестер берді.

Студенттер қонаққа көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңында белсенділік танытты. Еркін форматта өткен кездесу жастарға ерекше мотивация сыйлап, олардың кәсіби дамуына жаңа серпін берді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына, қоғамға пайдалы, бәсекеге қабілетті маман болып жетілуіне үлкен ықпал ететіні сөзсіз.