shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

МКҚК «Әлия» бөбекжай-бақшасы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасына қарасты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы аясында практика мен дуальды оқытуды жүзеге асыратын базалық ұйым болып табылады.

Аталған білім беру ұйымында факультет деканы, PhD, доцент Куралбаева Алия Ахметкаримовна және кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысбекова Айман Қалышбаевнаның қатысуымен «Ғылымға алғашқы қадам» тақырыбында ғылыми жоба шеруі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың танымдық белсенділігін дамыту және бастапқы зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

Шара барысында тәрбиеленушілер өз ғылыми жобаларын таныстырып, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы шығармашылық қабілеттері мен ізденімпаздықтарын көрсетті. Ұсынылған жобалар балалардың еңбексүйгіштігін, зерттеуге деген ынтасын және болашаққа бағытталған танымдық ұмтылысын айқындады.

  Іс-шара аясында МКҚК «Әлия» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Есетова Салтанат Махамбетовнамен бірлесе отырып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын білім беру және тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны мен ұйымдастырылуы бойынша пікір алмасу жүргізілді.