shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Үздік Студент

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті  Тарих кафедрасының студенті  «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы және «Парасат» ұлттық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік Студент» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі Дипломмен марапатталған студентіміз Балабек Рахматулланы шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік – білімге деген ұмтылыс пен қажырлы еңбектің жарқын көрінісі. Балабекке алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Сондай-ақ, студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасап, кәсіби қолдау көрсеткен ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нурбетова Гүлнар ханымға шынайы алғысымызды білдіреміз. Ұстаз еңбегі мен бағыт-бағдарының арқасында шәкірттің жетістігі еселене түсері сөзсіз.

Сіздерге шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер және толағай жеңістер тілейміз!