shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің жылдық қорытынды мәжілісі өтті

Университетімізде Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің 2025-2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарын қорытындылауға арналған кеңейтілген жылдық мәжілісі өтті. Жиынға  факультет деканы, кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Мәжіліс аясында алдымен факультет құрамындағы негізгі құрылымдар — «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» және «Тарих» кафедралары меңгерушілерінің есептері тыңдалды. Кафедра басшылары өткен оқу жылындағы академиялық үлгерім, ғылыми-зерттеу жобаларының орындалу барысы жан-жақты саралап өтті. Сонымен қатар, жиынның негізгі бөлімінде факультет деканы А. Куралбаеваның 2025-2026 оқу жылындағы факультеттің атқарған жұмыстарының кешенді қорытынды есебі тыңдалды. Декан өз баяндамасында білім беру бағдарламаларын модернизациялау, халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық және факультеттің қол жеткізген ірі жетістіктеріне тоқталып өтті. Есепті талқылау барысында факультеттің жаңа кезеңдегі стратегиялық міндеттері нақтыланып, Факультет ұжымының 2025-2026 оқу жылындағы қызметі оң бағаланып, алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлары талқыланды.