«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ»
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Педагогика және психология кафедрасында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатын топ тәлімгері Дүйсенова Ж.Қ. ұйымдастырып, білімгерлерге заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мәдениет пен жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірді.
Іс-шараға Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Б.Ауезов, факультет деканының орынбасарлары және кафедра оқытушылары қатысып, білім алушылармен құқықтық сауаттылық, қоғамдық тәртіп және азаматтық жауапкершілік мәселелері бойынша пікір алмасты. Қатысушылар жастардың заң талаптарын білуі мен құрметтеуінің, құқықтық мәдениетін қалыптастырудың және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңыздылығына тоқталды.
Тәрбие сағаты барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының қоғамдағы орны, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар оқу орнында, көшеде, қоғамдық көлікте және әлеуметтік желілерде заң талаптары мен әдеп нормаларын сақтаудың нақты мысалдары келтіріліп, құқық бұзушылықтың сипатына қарай тиісті жауапкершілік туындайтыны түсіндірілді.
Пікір алмасу барысында білім алушылар күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды талдап, өз ойларын ортаға салды. Заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екені, ал қоғамдық тәртіптің адамдардың қауіпсіздігін, құқықтарын және өзара сыйластығын қамтамасыз ететін маңызды қағида екені атап өтілді.
Іс-шара пікір алмасу, сұрақ-жауап және жағдаяттарды талдау форматында өтіп, білім алушылар белсенділік танытты. Тәрбие сағаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметін нығайтуға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпке саналы көзқарасын дамытуға ықпал етті.
Заңды құрметтеу – жауапкершіліктің белгісі, ал тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі.
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Сабақ кестесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 