ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ФЕРҒАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТКЕ САПАРМЕН КЕЛДІ
2026 жылғы 19–21 қазан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасына Ферғана мемлекеттік техникалық университетінің тарихшы ғалымдары Хонқұлов Шавкатжан, Тишабаева Ирадахон, Рахимов Илхомжон, Акбарова Нигорахон және Тажибаев Умиджан арнайы академиялық сапармен келді.
Сапар барысында шетелдік ғалымдар Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Зулпыхарова Эльмира Умирзаковна және Тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазретәлімен кездесті. Кездесу барысында халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми және білім беру салаларында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру және екіжақты байланысты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми байланыстарын кеңейту, сондай-ақ білім алушылардың тарихи танымы мен ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.
Академиялық сапар аясында тарихшы ғалымдардың білім алушылармен кездесулері, ғылыми дәрістері мен түрлі академиялық іс-шараларға қатысуы жоспарланған. Бұл білім алушылардың тарих ғылымы бойынша білім көкжиегін кеңейтіп, халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуына, өзге елдердің зерттеу бағыттары мен ғылыми ізденістерінен мағлұмат алуына мүмкіндік береді.
Ферғана мемлекеттік техникалық университеті ғалымдарының факультетке академиялық сапары халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтуға, білім мен ғылым саласындағы өзара тәжірибе алмасуды дамытуға, сондай-ақ алдағы уақытта бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыруға негіз қалыптастырады.
Мұндай халықаралық академиялық кездесулер университеттер арасындағы серіктестікті кеңейтіп қана қоймай, оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға және ортақ ғылыми бастамаларды дамытуға ықпал етеді.
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Сабақ кестесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 