shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен «Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетін ашу туралы жарлығымен (Алматы қаласы, 1991 жылғы маусымның 6-сы, №329) университет ашылды. 
«Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының тарихы 1996 жылдан басталады. Осы жылы «Әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасы болып құрылып, оны социология ғылымдарының докторы, профессор О.Нұсқабаев басқарды. Одан кейін 1998 оқу жылы «Философия тарихы, педагогика және психология» кафедра болып бөлініп шықты да, кафедраға философия ғылымдарының докторы, профессор А.Абуов басшылық етті.
2002 жылы «Педагогика» кафедрасы болып жеке бөлініп шықты да, оны  п.ғ.к., аға оқытушы Қ.Ыбраимжанов басқарды.
2003 оқу жылы «Педагогика» факультеті жеке бөлініп шығып, Қ.Ыбраимжановтың басшылығында болды.  Осы кезеңнен бастап кафедра «Жалпы педагогика және психология» аталып, оны п.ғ.к., аға оқытушы Ж.Бейсенбеков басқарды. 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ №1 сенат мәжілісінің 2004 жылдың 28-қазан күнгі шешімімен «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы «Жалпы психология» және «Жалпы педагогика және этнопедагогика»  кафедрасы болып бөлінді. «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Б.Ортаев тағайындалды.
2006-2007 оқу жылынан бастап 2009 оқу жылына дейін «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасынан еліміздің көрнекті педагог-ғалымы, п.ғ.д.., профессор Л.К.Керімов басқарды. Ал 2009-2010 оқу жылынан бастап кафедраның меңгерушісі қызметіне п.ғ.к., доцент м.а.Г.Кайбульдаева  тағайындалды.
2011-2012 оқу жылында «Жалпы педагогика және этнопедагогика»  кафедрасы меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент.м.а А.Рысбекова тағайындалды.
Кафедраны 2004-2006 оқу жылында п.ғ.к., доцент Б.Құлахметов, 2006-2011 оқу жылында п.ғ.д., профессор Б.А.Оспанова, 2011-2012 оқу жылында п.ғ.д., профессор Ж.З.Торыбаева басқарды. 
2014-2015 оқу жылынан бастап университетте болған өзгерістерге байланысты Тарих-педагогика факультеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті болып қайта құрылды. Бұрынғы Тарих-педагогика факультетінің құрамындағы «Жалпы педагогика және этнопедагогика» және «Жалпы психология» кафедралары бірігіп, Гуманитарлық ғылымдар факультетіне қарасты «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасы болып қайта құрылды. 
2015-2016 оқу жылынан бастап «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент м.а. А.Қ.Рысбекова тағайындалды. 
2021-2022 оқу жылында «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасы «Педагогика және психология» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент м.а. А.Қ.Рысбекова тағайындалды. 
2024-2025 оқу жылының 2 қыркүйегінен бастап «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі аға оқытушы PhD А.Б.Тасова тағайындалды. 
2024-2025 оқу жылында білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарының жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттар жасалған) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 22,75. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы, 5 аға оқытушы, 4 магистр оқытушы  қызмет атқарады. 
Кафедра дайындайтын білім беру бағдарламалары мәліметі: Кафедра білім берудің үш деңгейлік жүйесін жүзеге асыруда. Атап айтқанда, 6В01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, 7М01101-Педагогика және психология магистрі мен 8D01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы  бойынша докторанттарды дайындауда.