«Өңірдегі журналистика мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізеді
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Журналистика кафедрасы
«Өңірдегі журналистика мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізеді
16 мамыр, 2025 ж. Түркістан қаласы.
Конференцияға жоғары оқу орындарының журналист мамандарын даярлайтын профессор-оқытушылары, жас оқытушылар, жоғары курс студенттері шақырылады.
2025 жылдың 16 мамырында, сағат 10.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Өңірдегі журналистика мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның ашылуы өтеді.
Академиялық пікір алмасу төмендегі бағыттар бойынша өтеді:
- Өңірдегі журналистика мен өңірдегі қоғам пікірі;
- Өңір журналистикасының қоғамды ақпараттандыру мәселелері;
- Өңір журналистиканың болашағы;
- Жасанды интеллект және оның өңір журналистикасындағы рөлі;
- Өңір журналистикасындағы кәсіби этика мәселелері.
Жарияланымның негізгі шарты: баяндаманы конференцияға дайындау. Ұйымдастыру алқасы конференция басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап шығарады. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс. Материалдар 2025 жылдың 10 мамырына дейін қабылданады.
Жарияланым талаптары:
1. Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер Windows бағдарламасында құрылуы керек.
2. Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2см.
3. Қаріп: Times New Roman,кегль-14.
4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25см.
5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді. Әдебиетке сілтеме тік жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен рәсімделуі керек. Мысалы: [1,17].
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: galymzhan.tazhibayev@ayu.edu.kz
Редакциялық алқа баяндамаларды өздері таңдайды.
Конференцияға қатысу үшін өтінімді төмендегі нысан негізінде 2025 жылдың 10 мамырына дейін ұсыну қажет.
ТІРКЕУ НЫСАНЫ
Тегі, аты, әкесінің аты (толықтай)
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Мекемесі, лауазым-қызметі
Мекен-жайы
Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)
E-mail
Мақаланың тақырыбы
Баяндаманы конференцияға дайындау
Тыңдаушы ретінде қатысу
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29-үй
Веб-сайт: www.ayu.edu.kz,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасының ұжымы. Конференция жайлы туындаған барлық сұрақтар бойынша мына телефондармен байланысуға болады
Телефоны: 87473200817, 87015521503
Электронды мекен-жайы: galymzhan.tazhibayev@ayu.edu.kz