shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Түрік атауы, түріктердің тарих сахнасына шығуы, олардың бастапқы отаны мен қоныстану үдерісі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде "Түрік атауы, түріктердің тарих сахнасына шығуы, олардың бастапқы отаны мен қоныстану үдерісі" атты ғылыми семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.

Іс-шараға арнайы шақырылған спикер – PhD, Dr. Vahdet Tarakçı (Düzce Üniversitesi) түрік этнонимінің қалыптасу тарихы, түріктердің әлемдік өркениеттегі орны және олардың көне дәуірлерден басталатын қоныстану үдерістері жөнінде терең ғылыми деректерге негізделген мазмұнды баяндама жасады.

Семинар барысында қатысушылар:

  • түрік этнонимінің шығу тегі мен алғашқы жазба деректердегі көріністері,
  • түркі тайпаларының тарихи миграциялық бағыттары,
  • Еуразия кеңістігіндегі түркі халықтарының рөлі,
  • археологиялық, лингвистикалық және тарихи деректердің өзара байланысы

сияқты тақырыптар бойынша құнды ақпарат алды.

Іс-шараға факультеттің оқытушылары, магистранттары, докторанттары мен жас зерттеушілері қатысып, өздерін қызықтырған ғылыми сұрақтарын қойып, пікір алмасу ұйымдастырды. Талқылау барысында спикер түркітану ғылымындағы заманауи зерттеу әдістері мен жаңа көзқарастар туралы да кеңінен пікір білдірді.

Семинар жас ғалымдардың ғылыми ой-өрісін кеңейтіп, түркі әлемінің тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Мұндай игі ғылыми кездесулер факультетте ғылым мен білімді дамытуға, халықаралық академиялық байланысты нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Білім мен ғылым жолындағы ортақ ізденістеріміз табысты жалғаса берсін!