Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Бүгін Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде ГПП-411 топ білімгерлеріне«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбына арналған дөңгелек үстел топ тәлімгері Ж.Қ. Дүйсенованың ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – білімгерлерге сыбайлас жемқорлықтың мәні мен түрлері, оның қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру, жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық салдары, заңнамада көрсетілген жауапкершілік шаралары, сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары талқыланды. Тәлімгер тарапынан нақты мысалдар келтіріліп, адалдық, әділдік, ашықтық және парасаттылық қағидаттарының маңызы ерекше атап өтілді. Шара барысында білімгерлер белсенді пікір алмасып, жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік таныту қажеттігі туралы ой бөлісті. Қатысушылар өз орталарында адалдық атмосферасын қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаларын сақтау және заңға қайшы іс-әрекеттердің алдын алу жөнінде ұсыныстар айтты.
Дөңгелек үстел студенттердің құқықтық сауатын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуға бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара болды.
.png)
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні 