An Archaeological Exploration of the Darb Zubayda Pilgrimage Road
2025 жылдың 7 қарашасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің ұйымдастыруымен «An Archaeological Exploration of the Darb Zubayda Pilgrimage Road» тақырыбында ғылыми онлайн семинар өтті.
Семинар спикері: PhD, Dr. Peter J. Brown (Honorary Fellow, Department of Archaeology, Durham University).
Семинар барысында қатысушылар Дарб Зубайда қажылық жолының археологиялық зерттеулері, тарихи маңызы және ғылыми тұрғыдан қарастырылуы жөнінде тың мәліметтермен танысты. Іс-шара жас зерттеушілерге, магистранттар мен докторанттарға тарихи археологиялық бағыттағы жаңа көзқарастар мен зерттеу әдістемелерін ұсынды.
Қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасу арқылы археологиялық деректерді талдау, тарихи мұраны зерттеу және сақтау мәселелері жөнінде ғылыми тәжірибе бөлісті. Семинар білім мен зерттеу процесін қолдауға, сондай-ақ жас ғалымдардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған мазмұнды іс-шара болды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, ғылымдағы ізденістердің әрі қарай дамуын тіледі.
.png)
Сабақ кестесі 