Тәжірибе алмасу аясындағы академиялық ұтқырлық
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінен профессор-оқытушылар құрамы келді. Тәжірибе алмасу шарасы 4–14 желтоқсан аралығында, екі апта бойы өтті. Аталған іс-шараға Ұлттық идеология, руханият негіздері және құқық білімі кафедрасы мен Тарих кафедрасынан барлығы 15 профессор-оқытушы қатысып, факультет студенттеріне дәріс сабақтарын өткізіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында заманауи оқыту әдістері таныстырылып, екіжақты тәжірибе алмасу жүзеге асты. Академиялық ұтқырлық аясындағы кездесулер оқу үдерісінің сапасын арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосты.
Сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тәжірибелік тұрғыда өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша факультет деканы А. Қуралбаева келген профессор-оқытушыларға сертификаттар табыстады.
Сабақ кестесі 