Адалдық – қоғамның басты құндылығы
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасында 1-курс студенттерінің қатысуымен 14.09.2026 жылы «Адалдық – қоғамның басты құндылығы» атты тағылымды тәрбие сағаты өтті.
Аталған шараны Тарих кафедрасының доценті Гурсой Музаффер жүргізді. Тәрбие сағаты барысында адалдық пен адамгершілік принциптерінің жеке тұлғаның қалыптасуындағы және заманауи қоғамның дамуындағы маңызы кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында негізгі назар аударылған бағыттар:
Академиялық адалдық: Студенттік өмірдегі шынайылық пен білімге деген адал көзқарастың болашақ маман сапасын анықтаудағы ролі.
Азаматтық жауапкершілік: Әрбір жастың қоғам алдындағы міндеті мен әділдік ұстанымдарын сақтау маңыздылығы.
Тарихи сабақтастық: Ұлттық құндылықтар мен бабалар аманатына адал болудың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны.
Шара соңында 1-курс студенттері өз пікірлерін білдіріп, тақырып аясында еркін пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың бойында біліммен қатар бірегей моральдық-этикалық қасиеттерді калыптастыруға зор үлес қосады.
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 