«ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ»
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің Тарих кафедрасының т.ғ.к., доценті Жораева Гүлжамал Төлегенқызының ғылыми жетекшілігімен ГТХ-511 тобының студенті Бейсембай Жаннұр Жасуланқызы «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ» халықаралық байқауының жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аталған халықаралық байқау «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының бірлесуімен ұйымдастырылды.
Бұл жетістік – студентіміздің ТМД елдері аясындағы жастар саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесінің айқын көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар университетіміздегі білім мен ғылым сапасының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.
Жаннұр Жасуланқызын және ғылыми жетекшісі Гүлжамал Төлегенқызын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылыми және шығармашылық табыстар, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!
Сабақ кестесі 