shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ЗАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ

2026 жылғы 12 қазанда Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің 1-курс ГТХ-611 тобының білімгерлеріне «Қазақстанның ежелгі тарихы» пәні аясында «Қола дәуірінің рухани және заттық мәдениеті» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жораева Гүлжамал Төлегенқызы жүргізді. Дәріс барысында білімгерлерге қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығы, діни наным-сенімдері, жерлеу дәстүрлері, қолөнері және материалдық мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері туралы мазмұнды мәліметтер берілді.

Дәріске арнайы қонақ ретінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзербайжан Республикасындағы Әзербайжан шет тілдер университетінен келген тарих ғылымдарының докторы Тарана Гулузаде қатысты. Құрметті қонақ дәрістің мазмұны мен ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, білімгерлердің белсенділігі мен тарихи тақырыпқа деген қызығушылығын ерекше атап өтті. Дәріс барысында білімгерлер тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл олардың ежелгі Қазақстан тарихына қатысты білімдерін тереңдетіп, қола дәуірінің рухани және заттық мәдениетін жан-жақты танып-білуіне мүмкіндік берді.

Халықаралық академиялық тәжірибе алмасуға, ғылыми байланысты нығайтуға және білім алушылардың тарихи танымын кеңейтуге бағытталған тағылымды дәріс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.