Анкара Хажы Байрам Вели университетінде тағылымдамадан өту
2026 жылғы 08–19 қыркүйек аралығында Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Өнер факультетінің Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру бөліміне қарасты Тарихи материалдарды зерттеу және консервациялау зертханасында (MAKLAB) тағылымдама ұйымдастырылды.
Тағылымдамадан Б.С. Сиздиков өтіп, мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру саласындағы заманауи ғылыми-зерттеу әдістерін тәжірибе жүзінде меңгерді.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты – теориялық білімді мәдени мұраны сақтау саласындағы қолданбалы зерттеулермен ұштастыру, тарихи материалдарды кешенді зерттеу мен құжаттаудың заманауи тәсілдерін меңгеру, сондай-ақ археометриялық және физикалық-химиялық сараптама әдістерін тәжірибеде қолдану арқылы тарихи-мәдени құндылықтарды ғылыми негізде сақтау және қалпына келтіру бағытындағы кәсіби құзыреттерді жетілдіру.
Тағылымдама барысында MAKLAB зертханасының жұмыс тәртібі, еңбек қауіпсіздігі талаптары және тарихи материалдармен жұмыс істеудің халықаралық консервациялық хаттамалары зерделенді. Сонымен қатар зертхананың ғылыми-әдістемелік базасымен танысып, тарихи материалдарды зерттеуде қолданылатын заманауи әдістер мен ғылыми-зерттеу тәсілдері қарастырылды.
Практикалық жұмыстар барысында тарихи материалдарды кешенді құжаттау, эмпирикалық деректерді жинақтау, зертханалық зерттеулер жүргізу, физикалық-химиялық талдау нәтижелерін өңдеу және алынған мәліметтерді салыстырмалы түрде саралау бағыттары бойынша тәжірибе жинақталды. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу және ғылыми қорытынды жасау әдістеріне ерекше назар аударылды.
Тағылымдама барысында алынған халықаралық тәжірибе мен заманауи зертханалық әдістер мәдени мұраны сақтау, реставрация және археология салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шетелдік тәжірибені зерделеу отандық ғылыми жобалардың әдістемелік базасын нығайтып, тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу мен сақтаудың жаңа бағыттарын дамытуға негіз болады.
Аталған тағылымдама Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және мәдени мұраны зерттеу саласындағы халықаралық байланысты дамытуға маңызды үлес қосты.
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Сабақ кестесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 