shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Бүгін факультетімізде Тарих кафедрасының ГТА-311 тобынында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп – құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында маңызды тәлімгерлік сағат өтті.

Шараның басты мақсаты — студенттерге заң үстемдігінің маңызын түсіндіру, қоғамдық тәртіпті сақтаудың әрбір азамат үшін міндет екенін ұғындыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Тәлімгерлік сағаттың негізгі бағыттары:

•          Құқықтық мәдениет: Студенттердің өз құқықтары мен міндеттерін тең дәрежеде білуінің маңыздылығы талқыланды.

•          Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік: Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, вандализмге жол бермеу және заң талаптарын бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

•          Тәртіп — тұрақтылық кепілі: Кез келген дамыған мемлекеттің негізі берік заң мен темірдей тәртіпке сүйенетіні туралы пікір алмасу өтті.

Жиын барысында студенттер көкейкесті сұрақтарын қойып, қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Тәлімгерлер жастарды әрқашан заң аясында әрекет етуге және айналасындағы заңсыздықтарға «мүлдем төзбеушілік» танытуға шақырды.