ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА – ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ АЛАҢЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Педагогика және психология кафедрасының 3-курс докторанттары Қарлығаш Полатбекова мен Мақсат Айтжанов 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Түркия Республикасының Анкара қаласындағы беделді Гази университетінде профессор Мехмет Акиф Сөзердің жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты – докторанттардың зерттеушілік құзыреттілігін жетілдіру, диссертациялық зерттеулерінің ғылыми-әдіснамалық негіздерін тереңдету, халықаралық тәжірибемен танысу және шетелдік ғалымдармен академиялық байланыстарды нығайту.
Тағылымдама барысында докторанттар Гази университетінің ғылыми-зерттеу бағыттарымен және академиялық ортасымен танысып, диссертациялық жұмыстарының тақырыптары аясында профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе және пікір алмасты. Зерттеу жұмыстарының теориялық және әдіснамалық мәселелері талқыланып, ғылыми ізденістерді тиімді әрі жүйелі ұйымдастыру бойынша құнды ұсыныстар берілді. Сонымен қатар докторанттар заманауи ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану, зерттеу нәтижелерін талдау мен жүйелеу, ғылыми мақалалар дайындау және зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау мәселелері бойынша кәсіби кеңестер алды. Университет кітапханасының қорын пайдаланып, зерттеу тақырыптарына қатысты отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттермен, заманауи зерттеулермен және ғылыми еңбектермен жұмыс жүргізді.
Ғылыми тағылымдама барысында жинақталған тәжірибе докторанттардың кәсіби және ғылыми-зерттеушілік құзыреттерін жетілдіруге, академиялық білім көкжиегін кеңейтуге, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға және диссертациялық зерттеулерінің мазмұнын тереңдетуге мүмкіндік берді.
Тағылымдама қорытындысы бойынша Қарлығаш Полатбекова мен Мақсат Айтжановқа Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан сәтті өткенін растайтын сертификаттар табысталды. Бұл – докторанттардың халықаралық ғылыми ортада жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби дамуының маңызды нәтижелерінің бірі. Шетелдік ғылыми тағылымдамалар – жас зерттеушілердің кәсіби дамуына, халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялануына, озық ғылыми тәжірибені меңгеруіне және болашақ ғылыми ынтымақтастықты дамытуына мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі.
Гази университетінің профессоры Мехмет Акиф Сөзерге ғылыми жетекшілігі, құнды кәсіби кеңестері, тәжірибесімен бөліскені және тағылымдама барысында көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Докторанттарымызға алдағы ғылыми ізденістерінде табыс, жаңа жетістіктер мен нәтижелі зерттеулер тілейміз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Сабақ кестесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 